volontery.kz
Шаблоны Joomla 3 здесь: http://www.joomla3x.ru/joomla3-templates.html

Денис Тен: «Волонтер деген ұғым»

Өзінің жалғыз демалысын қазіргі таңдағы Қазақстанның ең таңдаулы фигуристі Астанада өткізді.

Спортшы өзінің уақытын балалармен бірге өткізді: күннің алғашғы жартысында ол мәнерлеп сырғанау үйірмесінің тәрбиеленушілеріне тегін мастер-класс жүргізді, ал түстен кейін SOS Астана Балалар Қалашығының аз қамсыздандырылған отбасы балаларымен кездесті.

Мастер-класстарды өткізуді Денис дәстүрге айналдырды – ол Отанына келгенінде жас спортшылармен кездесіп өз уақытын оларға арнауға тырысады.

«Мәнерлеп сырғанауда бастысы дұрыс негіз қалыптастыру. Әр кездесуімде балалардың спорттағы жетістіктерін байқаймын. Олардың барлықтары керемет өнерлі. Балалардың ынтасын көтеріп қана қоймай белгілі бір нәрсеге үйрететін мынадай іс-шараларға көп көңіл бөлу керек. Мен әлемнің үздік бапкерлерінен тәлім алдым сондыктан балалармен бөлісетін тәжірибем жетерлік. Мен спорт саласында алған білімімді бағалаймын және оны мақсатты түрде қолданғым келеді», - деді Денис.

Балалардың көңілдерін бір көтеріп қойған мастер-класс пен автограф-сессиядан кейін Денис балалар қалашығына ат басын бұрды. Онда оны SOS Балалар Қалашығынын тәрбиеленушілері ғана емес сонымен қатар «Мән беремін!» жобасының қатысушылары мен отбасыны нығайту жобаларының балалары тағатсыздана күтті.

Олардың алдында Денис қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, өз ісінің щебері сияқты емес, жетістіктеріне қол жеткізуде аянбай еңбек еткен жан ретінде сөз сөйледі.

Денис спорттағы алғашқы қадамдары жайлы айтты. Алматы қаласының аула сырғанақ алаңдарынан бастаған спортшы кейіннен он жасқа келгенде Елена Водорезованың шақыртуымен Мәскеуге дайындалуға аттанады. Жеңіске жету жолы оңай емес болғанын айтты.

«Белгілі бір жетістіктерге жету үшін аянбай еңбек ету керек. Ақылды болу үшін күн сайын білім іздену керек. Жылдам әрі тез жүгіру үшін адам көп жаттығу керек. Мен әлем біріншілігінде күміс жүлдеге қол жеткізу үшін 15 жыл дайындалдым. Мүмкін менде басқа балалардағындай балалық шақ болмаған да шығар. Достарыммен қыдырып, кинога бара алмадым кейде. Дегенмен бұны да менің балалық шағым деп білемін. Бүгін жетістікке жету үшін әлдебір нәрседен бас тартсан ертен ол саған жоғалтқан нәрнсенді әкеледі. Жетістікке жету үшін еңбек ету керек», - деп сырымен бөлісті Денис.

Денис спорт тақырыбынан өзге сұрақтарға да жауап берді. Қандай ән тындағанды, қандай көліктерді ұнататындығы және жүріп жүрген қызы бар ма екендігін сұрастырып жатты. «Әр адамның өзіндік жүрегі бар, бұл адамдарды өзгешелендіреді. Балалық шағымда сүйгіш болдым. Қазіргі менің қызым бұл – мәнерлеп сырғанау. Мен оған өз уақытымды, бар күш жігерім мен алдағы уақыттағы мақсаттарымды арнаймын», - деп жауап берді сұрақтарға Денис.

Кездесу соңында спортшы балаларға еліміздің мақтанышы болған тұлғалары, олардың жетістікке жету жолындағы қайсарлығы тақырыбындағы кітаптарды таратты. Балалар өз кезегінде Дениске жеңіс тілектері жазылған аққу оригамині сыйға тартты.

Астанада өткен күн волонтерлік күнге ұқсас болды. Осымен көптеген волонтерлер келісетін болар. Ерікті және ешбір ақы алмай Денис өсіп келе жатқан ұрпақтың дұрыс дамуына үлесін қосты, яғни қоғамға үлес қосты деген сөз. Волонтерлік қызмет те осы негізде жұмысын атқарады. Спортшының өзі волонтерлік қызмет жайында не ойлайды?

«Менің ойымша волонтерлік бұл игі іс. Біріншіден, өзіміз үшін көптеген жаңалықтарды ашуға болады. Екіншіден, халықаралық жоғары оқу орындары болашақ студенттің қандай жобаларға қатысқандығы туралы және қандай спортпен шұғылданғанына көңіл бөледі. Ал үшіншіден, жаңа адамдармен танысуға болады. Кейде Қазақстанның немесе дүние жүзінің волонтерлерінің көмегемен өтетін жобалар болады», - дейди спортшы.

7-ші қысқы Азиялық ойындарының волонтерлерін дайындаумен Ұлттық волонтерлік желі айналысты. Жаттығу кезінде оған көмектескен волонтерлер жайында спортшы жылы шыраймен еске алады: «Қателеспесем әрбір топқа бір волонтер тіркелген болатын. Маған көмектескен волонтердің аты Ақтоты. Ол күн сайын мені күтіп алып шығарып салатын. Волонтер деген ұғым біз білетіннен әлдеқайда күрделі екендігін түсіндім. Бұл тәулік бойы жұмыс жасайтын қолдау қызметі, жарқын жастар. Маған олармен араласқан қатты ұнады. Оларға да түрлі елден келген спортшылармен танысу мүмкіндігі туды».

Сол Азия Ойындарында Денис чемпион атанды. Міне сол кезден бері 2 жыл өтті. Сол аралықта ол әлем біріншілігінде күміс жүлдені иеленді. Жақында ғана Италия мен Австрия елдерінде өткен халықаралық турнирлердің жеңімпазы атанды. Қазіргі таңда Италиядағы Университеттік ойындарға дайындық үстінде, осыдан кейін Денис 2014 жылы Сочиде өтетін Олимпиадалық ойындарында өнерін көрсетеді.

Денис Тен: «Волонтер деген ұғым»

Өзінің жалғыз демалысын қазіргі таңдағы Қазақстанның ең таңдаулы фигуристі Астанада өткізді.

Үйреншіктілік әдеті

Көпшілік адамдардан өзгешеленетін жандарға кіріп шығып көңілдерін сұрау тәжірибелі волонтерлердің айтуынша бұл оңай шаруа емес.

Көктемнің соңғы күндеріндегі әлем

«Біздің санамызда қалыптасқан пікір яғни мүмкіндіктері шамалы деп санайтын жас балалар

Алғыс айту күні

Сіз ешбір себепсіз қаншалықты көп жаныңызға жылулық сыйлайтын қасыныздағы жақындарынызға алғысыңызды білдіресіз? Аптасына бір рет әлде бәлкім айына бір рет шығар?

Қазақстанда «Тренерлер мектебі» маусымы басталды

«Komanda SOS» Еріктілер орталығы Ұлттық волонтерлік желімен бірігіп «Тренерлер мектебі» жобасы шеңберінде

E-mail:volontery@civilsociety.kz Контакты:facebook.com,vk.com