volontery.kz
Шаблоны Joomla 3 здесь: http://www.joomla3x.ru/joomla3-templates.html

Үйреншіктілік әдеті

Көпшілік адамдардан өзгешеленетін жандарға кіріп шығып көңілдерін сұрау тәжірибелі волонтерлердің айтуынша бұл оңай шаруа емес.

Олар өте сезімтал, еріктілерге тез бауыр басып қалады, қашықтықты өткір сезеді. Ол жайында павлодарлық Әлеуметтік – волонтерлік орталық волонтерлері жақсы біледі. Олар «Альрами» ақыл-ес ауруына шалдыққан адамдарға арналған клубтық үйінің және қалалық жетімханасының тұрақты қонақтары.

«Біз «Альрами» клубтық үйіне жиі барамыз және оларды көруге асығамыз. Әрдайым клуб қатысушылары бізді түрлі мерекелерге шақырады. Біз бірімізге-біріміз қатты бауыр басып алдық, әр кездесу сайын жағымды эмоциялармен бөлісеміз, жылы-жылы тілектер айтамыз және келесі кездесуді тағатсыздана күтеміз», - дейді волонтер Зарина Оспанова.

Барлық өткізілген іс-шаралар ішінен балалар «Арт-терапияны» естеріне жақсы сақтады. Олардың айтуынша әр адам өз көңіл-күйін қылқалам көмегінсіз тек қана түрлі түсті бояулар арқылы жеткізіп, сурет салып, сол суреттің мағынасын түсіндіру өте қызықты болды.

Сонымен бірге «Таң атқандағы аула» ойыны керемет болды. Ойын ережелеріне сәйкес волонтерлер мен қатысушылар ертегі құрастырып, сол ертегіде түрлі аң бейнесін сомдау керек еді. Ертегі ойын барысында туып отырды, кейіпкерлер біз түсінетін тілмен ғана емес сонымен бірге ғажайып ойдан құрастырылған тілмен сөйлеп жатты.

Волонтерлер қалалық балалар үйінде соңғы рет «Ғажайып ағаш» атты ертегісін қойды. Мұнда балалардың өздері ертегіге етене қатысты.

Ертегі кейіпкері Ажалсыз Кощей балаларға жұмбақ жасырды, ал балалар мүлтіксіз жұмбақтарды шешіп жатты. Әрбір дұрыс жауапқа Кощей армандарды орындайтын ғажайып жапырақ беріп отырды. Влолнтерлердің ойынша бұл балалар үшін елеулі сәт еді. Сондағы балалар ағашқа жақындап тілектерін дауыстап айтты – «ҮЙГЕ БАРҒЫМ КЕЛЕДІ».

«Балалармен бірге жұмбақтарды шешіп, би билеп, ойнап күліп балаларға қатты бауыр басып қалдық. Олар біз жайлы әрдайым ойлайды, балалар «Тағы да келесіздер ме?», - деген сұрақ қойды. Біздің жауабымыз: «Әрине келеміз!» Жетімханадағы балаларға қарағанда оларға араласу, жан жылулығы, қуаныш жетпейтіндігін түсінеміз. Және біз волонтерлер оларға шын көңілден қуаныш сыйлауға тырысамыз», - деп айтып берді Әлеуметтік-волонтерлік орталық волонтері Зарина Оспанова.

Денис Тен: «Волонтер деген ұғым»

Өзінің жалғыз демалысын қазіргі таңдағы Қазақстанның ең таңдаулы фигуристі Астанада өткізді.

Үйреншіктілік әдеті

Көпшілік адамдардан өзгешеленетін жандарға кіріп шығып көңілдерін сұрау тәжірибелі волонтерлердің айтуынша бұл оңай шаруа емес.

Көктемнің соңғы күндеріндегі әлем

«Біздің санамызда қалыптасқан пікір яғни мүмкіндіктері шамалы деп санайтын жас балалар

Алғыс айту күні

Сіз ешбір себепсіз қаншалықты көп жаныңызға жылулық сыйлайтын қасыныздағы жақындарынызға алғысыңызды білдіресіз? Аптасына бір рет әлде бәлкім айына бір рет шығар?

Қазақстанда «Тренерлер мектебі» маусымы басталды

«Komanda SOS» Еріктілер орталығы Ұлттық волонтерлік желімен бірігіп «Тренерлер мектебі» жобасы шеңберінде

E-mail:volontery@civilsociety.kz Контакты:facebook.com,vk.com