volontery.kz
Шаблоны Joomla 3 здесь: http://www.joomla3x.ru/joomla3-templates.html

ҰВЖ. Бұл не?

ҰВЖ – Ұлттық волонтерлік желі – азаматтар мен заңды тұлғалардың ерікті бірлестігі. Желі 2010 жылы азаматтар, азаматтық қоғам институттары, бизнес сектор, мемлекеттік құрамдар арасында волонтерлік қызметті, бастамаларды және волонтерлік мәдениетті қалыптастыру, қолдау және дамыту мақсатымен ұйымдастырылды.

Ұйымның 3 жылдық әрекет ету мерзімі ішінде ҰВЖ волонтерлерді оқытуда көп жұмыс атқарды. 2010 жылы ЭСКАТО елдері конференциясының волонтерлері үшін тренингтер өткізілді, 2011 жылы VII қысқы Азиялық ойындарға 200 ден аса волонтерлер мен топтар көшбасшыларын оқытты, сонымен бірге ОБСЕ форумына еріктілерді дайындады, 2012 жылы Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті сессиясы үшін волонтерлерді іріктеп оларға тренинг жүргізді және басқа да жұмыстар атқарды. Бұдан басқа әрдайым Волонтерлер мектептері ұйымдастырылып тұрады.

ҰВЖ –ның игілік нышанының бірі жыл сайын өткізілетін Көктемнің Ізгілік Апталығы. Көктемнің Ізгілік апталығы әдетте мамыр айының соңы мен сәуір айының басында Ұлттық волонтерлік желі ұйымымен ұйымдастырылады. Іс-шараның басты мақсаты барлық жастағы халықты ерікті түрде көктемнің әлеуметтік маңызды шараларына тарту, қажеттілік туындағанына байланысты еріктілікті қолдауға арналған Қазақстанда ұйымдастырушылық және құқықтық жағдай жүйелерін қолдауын құруға қоғамның назарын аударту.

Сонымен бірге жыл сайын 5 желтоқсан күні ҰВЖ волонтерлік еңбекті мойындау, әр жастағы және әртүрлі әлеуметтік деңгейдегі жастарды волонтерлік қызметке тарту, азаматтық қоғамның қалыптасуындағы волонтерліктің рөлін түсіндіру мақсатында Халықаралық волонтерлер күнін тойлайды. Волонтерлік желі әрекеттері тек қана оқытып, ақпарат беру жұмысымен шектелмейді, бұдан басқа нақты іс-шаралар жұмыстарын атқарады. «Қазақстандағы волонтерлік қозғалыстың құқықтық аспектілері» халықаралық конференциясында Қазақстандағы волонтерлік қызметін дамытуына арналған ұсыныстар мен рекомендацияларын дайындады, соның ішінде ҮЕҰ V-ші Азаматтық форумына да. Қазақстандағы жетімдер саның азайту профилактикасына бағытталған халықаралық конференция нәтижесінде арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы аталған мақсатты топпен жұмыс жасайтын ҰЕҰ-дар өкілдерінен, мемлекеттік ұйымдар өкілдері мен халықаралық ұйымдардан тұрады. Сонымен қатар Қазақстанда волонтерлермен жұмыс жасауға арналған нұсқау құрастырылды.

E-mail:volontery@civilsociety.kz Контакты:facebook.com,vk.com