volontery.kz
Шаблоны Joomla 3 здесь: http://www.joomla3x.ru/joomla3-templates.html

Көктемнің соңғы күндеріндегі әлем

«Біздің санамызда қалыптасқан пікір яғни мүмкіндіктері шамалы деп санайтын жас балалар

қалайша мынадай сұлулықты өз қолдарымен ұйымдастырып отыр?» 

«Жаймашуақ әлем» атты Семейде өткен шығармашылық фестивалі осыған дәйек болды.

Міне, 7 жыл көлемінде жыл сайын «Бастау» қоғамдық бірлестігі мүмкіндіктері шектеулі балаларға өз махабаты мен мейірімділігін ұсынып келеді. Биыл Семей қаласының ішкі саясат бөлімі «Жаймашуақ әлем» атты балаларға арналған шығармашылық фестивалін ұйымдастырды. Фестиваль шеңберінде балалардың өздері ұйымдастырған гала-концерт өтті. Абай атындағы театр фойесінде балалардың шығармашылық еңбектері, суреттер, фотосуреттер өздері қолдан жасаған бұйымдар көпшілік назарына ұсынылды.

«Барлығы күтілгендей болды: әншашу, би билеу, өлен оқу... Қонақтар қаншалықты көп балалар өнерлерін көріп отырып соншалықты зор қуаныш, таңырқау сезімдеріне ие болды. Бұл қалайша? Есту қабілетінен айырылғандар би билеп ән салып жүр; көру қабылетінен айырылғандар мен нашар көретіндер ән салып, билеп, түрлі музыкалық аспаптарда ойнап; психо-нервологиялық бұзушылығы бар балалар қиын сахналау мен қимылдарды жаттап отырды. Көрермендер санасында бейтаныс құбылыс жайылды. Балалардың қуанышқа толы жүздеріне қарағанда оларды басқа балалардан өзгешелігі бар деп, мүгедек деп атауға болмайды», - деп айтады «Бастау» өкілі Наталия Валеева.

Екі сағаттық концерт керемет өтті. Концерт соңында қонақтар мен қатысушылар балалардың жүздеріндегі өзгерістерді байқады.

«Екі сағат бұрын тетатр ғимаратына басқа адамдар кіріп мүлдем басқа адамдар шықты. Мерекенің басты кейіпкерлері балалар, зор қуанышпен, сыйлықтармен, әлемде жақсы адамдар өте көп деген оймен шықты. Ересек адамдар өздері үшін жаңа ақиқат ашты: әлемде шектулі ешнәрсе жоқ. Шектеулікті біреулер үшін бөгделер ойлап тапқан. Балалардың мүмкіндіктері секілді барлығы мүмкін және шектеусіз», - деп ойымен бөлісті Наталия Валеева.

Ұйымдастырушылардың айтуынша бей-жай қарамайтын құрылымдар, қала тұрғындары мен волонтерлер көмегінсіз мереке болмар еді. Ерекше алғысын «Бастау» қызметкерлері жоғары оқу орны студенттері волонтерлеріне білдіреді.

E-mail:volontery@civilsociety.kz Контакты:facebook.com,vk.com