volontery.kz
Шаблоны Joomla 3 здесь: http://www.joomla3x.ru/joomla3-templates.html

Алғыс айту күні

Сіз ешбір себепсіз қаншалықты көп жаныңызға жылулық сыйлайтын қасыныздағы жақындарынызға алғысыңызды білдіресіз? Аптасына бір рет әлде бәлкім айына бір рет шығар?

Немесе белгілі бір жағдай болып қалғанда ғана ма?

АҚШ пен Канада елдеріндегі ресми мереке «мемлекеттік деңгейдегі» бірін-бірі құттықтайтын «Алғыс айту күнін» көбісі біледі.

Ал елімізде тойланатын Халықаралық «Рахмет» күнін, тіпті Қазақстанда атап өтілетін алғыс айту мерекесі «Ризашылықты» кейбіреулер біле білмейді. Міне, соңғы бес жыл ішінде аталған мерекені еліміз жыл сайын тойлап келеді.

Бұл күн мемлекетіміздің бірінші ханымы Сара Назарбаеваның бастамасымен құрылған болатын және қараша айының соңғы бейсенбісі күні дәстүрлі түрде аталынып өтіледі. «Ризашылық» күні қайырымдылық мәртебесіне ие сондықтан бұл мейрам жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға мереке сыйлау мақсатына арналған.

28 қараша «Ризашылық» күні еліміздің барлық балалар үйлернінде, жетімханаларында, жасөспірім үйлерінде сонымен қатар SOS Астана Балалар Қалашығында тойланады.

Жыл сайын ұлдар мен қыздар, олардың ана-тәрбиешілері бір отбасындай жұмылып өлең мен биге толы қайырымдылық концертін ұйымдастырады. Балалар үшін бұл ерекеше мереке, олар жақындары мен туғандарының көрсеткен ықылас зейіндері үшін алғыстарын білдіреді.

Мерекенің басты идеясы – жақсылық пен жылулық сыйлау, жетім балаларға қол ұшын көрсетуге дайындығын білдіру, қамқорлыққа зәру адамдарға көмектесу. Бұл күні ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар тағдырына бей-жай қарамайтын адамдар балаларға сыйлықтар мен жан жылулығын сыйлайды.

28 қараша SOS Астана Балалар Қалашығы достары мен қонақтарын күтеді. Тәрбиеленушілер мереке бағдарламасын дайындап қана қоймай, сонымен бірге өз қолдарымен мерекелік гүлшоқтарын әзірлейді. Күннің екінші жартысында Балалар қалашығы мен Жасөспірімдер Үйлері арасындағы спорттық жарыс футбол ойнын өткізу жоспарда.

Балаларға арналған игі мерекені өткізуге Қалашық демеушілері мен достары көмектесті: Астана қаласы әкімдіктерінің өкілдері, Астана қаласы Білім Басқармасы мен Балалардың құқығын қорғау Басқармасы, «Болашақ» корпоративтік қоры, «Radisson» қонақ үйі, Eurocopter Engineering, «Тура» мерекелік агенттігі. Сонымен қатар биыл «Самұрық-Қазына» АҚ қамқоршысы жоқ балалар мен балалар қажеттілігіне 200 млн. теңге ақша қаражаттарын бөлген болатын. Бұл соңғы бес жыл ішінде бір ғана компаниямен жасалған ең ірі демеушілік салым.

SOS Балалар Қалашығы – бұл жетім, ата-ана қамқыорынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге арналған ерекше тәрбие формасы. SOS Астана Балалар Қалашығы 69 бала тұрғыны бар 14 отбасылық үйден тұратын қалашық. Әр отбасы өзіндік үйінде тұрады, үй отағасы ана-тәрбиешісі.

E-mail:volontery@civilsociety.kz Контакты:facebook.com,vk.com