volontery.kz
http://www.joomla3x.ru/joomla3-templates.html - joomla 3 шаблоны

Ақтөбе қаласындағы дөңгелек үстел

2013 жылдың 18 қарашасы күні сағат 15.00 де «Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» қоғамдық ұйымының мәжіліс залында «Тиімді волонтерлік» атты үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, жұмыс істейтін және оқушы жастар қатысатын дөңгелек үстел өтеді.

Өткізілетін орны: Ақтөбе қаласы, «Болашақ» шағын ауданы, Бөкенбай батыр көшесі 133, корпус 1, кабинет №1 (мәжіліс зал)

ҰВЖ «Одақ жастарының күндері» атты халықаралық лагеріне қатысты

«Одақ жастарының күндері» щеңберінде Мәскеу 15 мемлекеттен келген жастарды біріктірді. Өзекті мәселелерді талқылап олардың шешу жолдарын ұйымдастыру үшін Азербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Молдова, Ресей, Тәжікістан, Түркменістан, Өзбекістан, Украина және Эстония елдерінен келген өкілдері жиналды. Барлығы форумда 120-дан астам қоғамдық ұйымдар белсенділері, жастар парламенті мүшелері, студенттік одақтар мен жастар қозғалыстары мүшелері қатысты. Қазақстаннан жастар ұйымдарының өкілі ретінде Ұлттық волонтерлік желі болды.

Новосибирск төңірегінде жоғалған баланы Қазақстанда іздеп жатыр

Бірінші сынып оқушысы Костя Кривошеевті волонтерлер бір айдан артық уақыт іздеуде.

Костя Кривошеев күндіз 21 маусым күні жоғалған болатын. Жас бала өгей әкесі және атасымен бірге отын алып келу үшін орманға барады. Ер адамдар отын шауып жатқанда ол жоғалып кетеді. Осыған байланысты тергеуші «Жас бала өлімі» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Оралмания деген ел жоқ

Егемендік кезеңінде Қазақстанда оралмандар жайлы талай стереотиптер құрылды. Кейбіреулерінің пікірінше елге оралып жатқан қазақтар сол бір қиын кездері басқа қазақтар қалып, елін көтеріп, ерлік жасап жүргенде олар отанын тастап көшіп кеткен қандастар. Ал қазір гүлденген мемлекетке қайтып келіп отыр. Кейбіреулер оларды сенімсіз дейді. Өйткені бір кеткен адамның тағы да кетіп қалмауына кім кепіл? Ал басқалары оларды білімсіз қу жалқаулар деп санайды.

Қамқоршы жылқылар

Шығыс Қазақстан облысының балалары мен 18 жастан асқан ересектері үшін атқа салт мініп жүрулеріне арналған қосымша сабақтар пайда бола бастады.

«Қайнар балалар мен жастар шығармашылық орталығы» қоғамдық ұйымы міне төрт жыл ішінде «Қамқорлық» атты психоневрологиялық дертке шалдыққандарды емдеуге бағытталған жобасын іске асыруда. Орталықта балаларға арналған әртүрлі үйірмелер жұмыс жасайды: декоративті – қолданбалы көркемөнер, компьютерлік сабақтар, «Көз тігу» фотоүйірмесі, театралдық үйірме, «Калейдоскоп» пікірталас клубы.

E-mail:volontery@civilsociety.kz Контакты:facebook.com,vk.com