volontery.kz
Шаблоны Joomla 3 здесь: http://www.joomla3x.ru/joomla3-templates.html

Қазақстанда «Тренерлер мектебі» маусымы басталды

«Komanda SOS» Еріктілер орталығы Ұлттық волонтерлік желімен бірігіп «Тренерлер мектебі» жобасы шеңберінде

алғашқы семинарларын өткізді.

Семинарлар Қостанай облысы мен Көкшетауда өтті.

Семинарлар бағдарламасына сәйкес ҮЕҰ-дар басшылары, аймақтың волонтерлік қозғалыстар координаторлары мен бастаушы волонтерлер, жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған тренингтер өтті.

Қостанайда өткен кәсіпқойлар тренингіне жалпы саны 26 адам қатысты, олар Рудный қаласы мен Қостанай облысынан жиналған қатысушылар. Тренинг барысында қатысушылар жоба менеджменті деген ұғымның мағынасын ашты, волонтерлерді ұйымға қалайша тарту керек және олардың сол ұйымда қалуын қалайша жүзеге асыру керек екендігі жайында әңгіме қозғады.

«Қостанайлық жастар үшін қиыны мотивациялау жүйесі болды. Олар үшін волонтерлерді тарту ешбір қиындық туғызбайтындығын айтты. Жастар волонтер болудың маңыздылығын түсініп волонтер болуға асығады. Мәселенің қиындығы бұл - сол келген волонтерлердің әрі қарай ұйымда сақтап қалу жолы. Айтып кетерлік бір жайт, тренингке 5-10 жыл жұмыс жасап келе жатқан ұйым мүшелері қатысты. Арамызда тіпті алғашқы волонтерлік бастамалармен жұмыс жүргізген ұйым болды. Ол 2000 жылдан бері волонтерлікті дамыту саласында жұмыс жасайды», - деп айтады мектеп тренері Светлана Гладышева.

Кездесу барысында волонтерлерді тарту жайындағы айтылған әдістерді қатысып отырған ұйымдар ішінен әлдеқашан қолданайын деп отырған ұйым табыла қалды. « Оларда қызықты жоба бар: волонтерлер көмегімен олар көру қабілеті нашар және соқыр балаларға арналған сенсорлық ойыншықтар жасайды. Мәселен олар әліпбиді үйренуге арналған ойыншық тікті. Қазіргі таңда оларда тек бір ғана ойыншық үлгісі бар, дегенмен олардың дәріс тренингтері аяқталғаннан соң волонтерлер көмегімен осындай бірнеше үйрететін ойыншықтар жасап шығару ниеттері бар», - деп атап өтті Светлана.

Қостанайдағы семинардың екінші күнінде жастармен кездесу болды. Кездесуге Педагогикалық Институт пен қалалық көп салалы жоғары оқу орны студенттері жиналды. Қатысушыларға қызықты болған жайт бұл тек қана Қостанай аймағы бойынша волонтер болу емес сонымен бірге республикалық деңгейде волонтер болу. Атап айтқанда ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу. Сонымен қатар ОБСЕ саммиті мен 2011 жылғы қысқы Азия Ойындарына волонтерлерді қалай дайындағаны қызықты болды.

Рудный қаласындағы жастарға арналған семинарға 100 аса колледж студенттері қатысты. Сайып келгенде жиналған жастар көбісі өндірістік кәсіпке оқып жүрген студенттер болды, дегенмен олар волонтерлікпен кәсіби деңгейде айналысатын адамдармен кездесіп танысқысы келді.

Көкшетауда волонтерлік төмен дәрежеде, өңірде еріктілік қозғалыс енді даму үстінде.

«Олар игі істерді жасауға дайын бірақ волонтер деген ұғымды толық түсіне бермейді. Олар волонтер болу үшін қайда келетінін білген жоқ және волонтерлік мемлекеттік деңгейде қолдауға ие екендігі жайында естімепті. Оқытуға келгенде қатысушылар тым жас балалар қатарынан жиналғандар болды. Тренингке Қазақстанның студенттер альянсы, ауыл жастары одағы өкілдері келді», - деді Светлана Гладышева.

Оның сөзінше кездесудің негізгі мақсаты болып Қазақстандағы волонтерлік қозғалыстың дамуы біріңғай деңгейде және біріңғай формада болуы үшін аймақтардағы волонтерлікті ортақ дұрыс салаға бейімдеу.

«Егер тек қана осы екі қаланы салыстырып отырсақ, волонтерлік қозғалыс деңгейі ғана емес сонымен бірге азаматтық сектордың да әлдеқайда дамығанына көзімізді жеткізуге болады. Географиялық орналасуы бір-біріне жақын болғанына қарамастан нәтиже осындай», - деп қорытындылады Светлана. 2014 жылдың наурызына дейін осындай кездесулер еліміздің барлық облыс орталықтарында өткізіледі. Екі күндік семинарлар кәсіби жетекшілер, координаторлар мен қызуғышылығы бар жастарға араналады.

Тренерлер Мектебі – бұл Қазақстанның ҮЕҰ-нің волонтерлік бағдарламалар басшыларына арналған Сорос-Қазақстан Қорының көмегімен «Komanda SOS» еріктілерінің координаторлық орталығымен құрастырылған арнайы жоба. Ұйымдастырушылар: Shakhmar-dan Yessenov Foundation Ғылыми-Ағартушылық Қоры мен Ұлттық Волонтерлік Желі.

E-mail:volontery@civilsociety.kz Контакты:facebook.com,vk.com